Отандық спортшы Түркиядағы халықаралық турнирдің финалына шықты

20 Маусым 2021, 13:27
2706
Бөлісу:
Отандық спортшы Түркиядағы халықаралық турнирдің финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда грек-рим күресінен ірі рейтингілік турнир жалғасуда. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Демеу Жадыраев финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

77 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Демеу жартылай финалда түркиялық Серхан Акконюнді ұтты. Ақтық сында Жадыраев тағы бір түркиялық спортшы Байракпен кездеседі. 

60 келідегі Мейрамбек Айнағұлов пен 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов қолаға таласады. 

Айдос Сұлтанғали жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. 


Өзгелердің жаңалығы