Бас жаңалықтар
Отандық вакцина қалай әзірленіп жатыр?
14 Сәуiр 2021, 13:31 674

Отандық вакцина қалай әзірленіп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «QazVac қазақстандық вакцинасын клиникалық зерттеуден өткізу барысы туралы» өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.

Қазіргі уақытта 244 еріктіде клиникалық зерттеулердің 1-2 кезеңі аяқталуда, ал үшінші сатыдағы клиникалық зерттеулердің 50%-ы 15 сәуірде 3000 еріктіде аяқталады. Біз клиникалық зерттеулер хаттамасына және Денсаулық сақтау министрлігінің, ДДСҰ-ның талабына сәйкес, клиникалық зерттеулер жүргізудің белгілі бір мерзімі бар екенін түсінуіміз керек. Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі бойынша кемінде 70 күн болуы тиіс. Сондықтан барынша шыдамдылық танытып, түпкілікті нәтижені күтуіміз керек, - деді ол.

Вице-министр 15 сәуірде вакцинаны клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінің 50% аяқталатынын еске салды.

Еріктілерге вакцинаның өзін де, плацебоны да салдырды. Яғни, бізде "соқыр" рандомизацияланған зерттеу қолданылады. Еріктінің өзі бұл жағдайда нақты вакцина немесе плацебо алғанын білмейді және тиісінше, біз еріктілер туралы мәліметтерді көрсете алмаймыз. Мен тіпті министрдің орынбасары ретінде вакцинаны немесе плацебоны кімдер алғанын білмеймін. Мұның бәрін құжаттар Денсаулық сақтау министрлігіне берілгеннен кейін білеміз, - деді Дәуленов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...