Бүгін отбасы мүшелерінің бас қосып, бірге уақыт өткізетін күні – Ілиясова

1 Маусым 2020, 13:36
3119
Бөлісу:
Бүгін отбасы мүшелерінің бас қосып, бірге уақыт өткізетін күні – Ілиясова

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Актриса, тележүргізуші әрі "Бөпе" қорының директоры Айнұр Ілиясова Балаларды қорғау күнін отбасы болып өткізу маңызды екенін айтады.

Оның айтуынша, балаларды көбінде аналары ертіп қыдыртып жүреді. Дегенмен, Балаларды қорғау күнінде отбасы мүшелері толығымен бас қосып, балаға көңіл аударғаны жөн.

Сондықтан бұл күні отбасына арналған іс-шаралар көп ұйымдастырылу керек. Бәрі жұмыла спорттық сайыстарға, фестивалдерге қатысса отбасының ішкі түсіністігі арта түседі. Қазір көптеген отбасылар неліктен ажырасады, өйткені олардың арасында қарым-қатынас төмендеп кеткен. Егер ерлі-зайыптылар бұл күнді балаларымен бірге көңілді өткіззе, отбасының бірлігі артып,  ұйыса түсер еді,-дейді ол. 

Сонымен қатар, ол әр сейсенбі күні отбасылық кино көру, сенбі күндері ауланы тазалап, сенбілік ұйымдастыру деген сияқты бас қосып, жиналып тұратын дәстүр қалыптастыру қажеттігін айтады. 

Өз отбасыма келер болсам, бүгін досарымызбен бірігіп балаларға мерекелік шара ұйымдастырып жатырмыз. Аниматорларды шақырып және өзімізше квесттер жасап балалардың көңілін көтеруге тырысудамыз,-дейді актрисса. 

Сөз арасында ол отбысылық қарым-қатынасты жаңғырту үшін бірнеше жыл бұрын "Бөпе" қорын ашқандарын айтты. Соның аясында жыл сайын республикада бойынша отбасылық фестивалдер, форум ұйымдастырып тұрады екен. 

Осы шаралардың аясында ата-аналарға қажетті ақпараттар таратылып, психологтар шақырылады.  Пандемияға байланысты биыл өткізе алмадық. Ата-аналарға қажетті ақпараттың жетіспеушілігінен біз форум ұйымдастырдық. Ол үш панелден тұрады. Біріншісі, мемлекет және отбасы. Онда мемлекет тарапынан отбасыға бөлінетін нәрселер айтылады. Бізде көптеген адамдар өз құқығын біле бермейді, міне осы тұрғыда мамандар кеңес береді. Яғни, мемлекет пен отбасы арасындағы көпір болдық десек те болады. Екінші панел, Қазақстандағы отбасы институты. Яғни отбасылық институты қандай жағдайда деген сұрақтарға жауап береді. Үшіншісі, отбасындағы әкені рөлі. Әлем бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға әкелердің 6% ғана көңіл аударады екен. Бізде әке әйеліне көмектесу керек деген түсінік бар, олай емес әке жалпы отбасына көмектесуі керек,-дейді Айнұр Ілиясова.
Өзгелердің жаңалығы