Өз баласын тұншықтырып өлтірген әйел жындыханаға жіберілді

13 Мамыр 2021, 04:35
2399
Бөлісу:
Өз баласын тұншықтырып өлтірген әйел жындыханаға жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 2 жасар баласын өлтіріп, тоңазытқышта ұстаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді. Бұл туралы Алматы облысының мамандандырылған қылмыстық соты хабарлады.

Сот мәліметіне қарағанда, әйел адам шизофрения ауруына шалдыққан. Сол себепті оған қатысты қылмыстық өндіріс сот қаулысымен тоқтатылды.

Енді 27 жастағы әйел мәжбүрлі түрде мамандандырылған психиатриялық стационарда емделетін болады. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласында 2 жасар баланың денесі мұздатқыштан табылған болатын. Артынша кішкентай ұл баланы туған анасы өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан, əкесі өзге елде тұрады. Және ұлын қалай тұншықтырып өлтіргенін ол қолымен көрсетіп берді.

Өзгелердің жаңалығы