Өзбекстан қазақ мәдени орталығы елімізге алғысын білдірді

27 Ақпан 2021, 14:26
1646
Бөлісу:
Өзбекстан қазақ мәдени орталығы елімізге алғысын білдірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өзбекстан қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында өз пікірін білдірді.

Өзбекстанда 30 жылдан бері өмір сүріп келе жатқан қазақтар осы елде мәдени орта құрып, бауырлас елдер арасындағы бірліктің беки түсуіне өзіндік үлес қосып келеді. Қазақстандағы алғыс айту күніне орай біздің алғыс білдірер азаматтарымыз баршылық. Солардың бірі – пандемия кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер. Өзбекстандағы миллионнан астам қазақтың атынан алғыс білдіргім келеді, - деді ол.

Серікбай Үсенов ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан берілген «Даналық әліппесіне» қатысты ризашылығын білдірді.

Өзбекстандағы 376 мектепке «Даналық әліппесін» таратқанда мектеп басшылығы мен оқушылардың Қазақ еліне деген алғысыз сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Себебі бұл туындыны Өзбекстанда бірінші болып қазақтар пайдаланды. Оқушыларымыз түрлі мақал-мәтел, ертегілермен сусындап, домбыра, қобыз шерту әдістерінің дыбысталуын тыңдады. Осындай қолдау, қуаттау болса, тынысың ашылады. Мұның барлығы Қазақстан Республикасының шетелдегі қазақтарға жасаған жәрдемі деген ойдамын, - деді ол.





Өзгелердің жаңалығы