Бас жаңалықтар
Өзбекстан қазақтарының кіші құрылтайы өтті
21 Қазан 2020, 21:39 482

Өзбекстан қазақтарының кіші құрылтайы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" мен "Отандастар қоры " КЕАҚ бірлесіп ұйымдастырды.

Өзбекстан қазақтарының кіші құрылтайына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және байланыстар комитетінің бөлім басшысы Феруз Беков, Өзбекстандағы Қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, сондай-ақ "Отандастар қоры" КЕАҚ, Қазақстан, Өзбекстан қоғамдық, мәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, көрші, әрі бауырлас Өзбекстанда ең үлкен қазақ қауымдастығы тұрады. Шетелде қазақтардың шағын құрылтайларын өткізу тәжірибесі Қазақстан мен басқа елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған, сондай-ақ шетелдегі отандастарға салт-дәстүрлерді сақтауға, қазақ тілін үйренуге және мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыруға практикалық көмек көрсетуге арналған.

Іс-шара барысында министр Аида Балаева Өзбекстан мен Қазақстан бауырлас мемлекеттер екенін және екі елді тіл туыстығы, дін, мәдениет пен руханияттағы бірлік жақындататынын атап өтті.

"Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков өз сөзінде этникалық қазақтардың Өзбекстанда тұруының тарихи аспектісіне тоқталып, екі халықтың достық қарым-қатынасын, екі мемлекет арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуды ерекше атап өтті, сондай-ақ Өзбекстан тарапына шетелдегі отандастарға қатысты қазақстандық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.


Фото: дереккөз
Загрузка...