Өзбекстан мен Қазақстан бірлескен тур ұйымдастырмақ

23 Қаңтар 2021, 00:31
1921
Бөлісу:
Өзбекстан мен Қазақстан бірлескен тур ұйымдастырмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы уақытта Өзбекстан мен Қазақстан аумағында туристерге арналған арнайы бағдарлама жасалатын болады. Сол бағдарлама аясында туристер еркін кіріп, екі елдің рухани орындарын тамашалай алады.

Аталған транспорттық дәліз екі елдегі, атап айтқанда Қазақстанның Түркістан облысындағы Арыстан баб, Ахмет Ясауи, Хәкім Ата және Өзбекстанның Ташкент облысындағы Зеңгі Ата кесенелерін зиярат етуге мүмкіндік береді. Осыған орай бүгін Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі және Өзбекстанның Науаи облыстық әкімшілігінің ұйымдастыруымен екі елдің туризмге жауапты мекемелері қатысуымен ақпараттық таныстыру жұмыстары басталды.

Өзбекстан мен Қазақстан бірлескен тур ұйымдастырмақ

Қазақстаннан айтулы шараға Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, «Kazakh Tourizm» АҚ ұлттық компаниясының, еліміздегі басқа туристік операторлардың өкілдері қатысты. ҚМДБ атынан жиынға Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов пен «Tawaf Travel» қажылық компаниясының директоры Бектемір Искаков қатысты.

Қазіргі таңда Өзбекстан ішкі туризмге, соның ішінде зияратқа мән беріп жатыр. Зиярат жасаудың шариғатқа сай дұрыс үлгісін қалыптастыруға күш салуда. Бұл бағытта Қазақстанның да алға қойған мақсаты бар. Сондықтан екі ел бұл бағытта бірігіп жұмыс істеуді қолға алмақ. Бұл өз кезегінде екі елдің туристік мүмкіндігін арттыру үшін қажет. Өзбекстанмен біздің ортақ дүниелеріміз көп. Алайда ол үшін зияраттың дұрыс жасауын бірігіп қалыптастыру қажет. Басып өткен ізімізден ғибрат алмай болашағымыз бұлыңғыр болады. Бұл шара осы олқылықты толтыру мақсатында атқарылып жатыр, – дейді Жәнділлә Бекжігітов.

Сондай-ақ сапар барысында ҚМДБ өкілдері Өзбекстанның наиб муфтиімен және Өзбекстан мүфтиятының «Муслим» туристік компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы зиярат мәселесін дамыту, еларалық рухани ынтымақтастықты арттыру мәселелері сөз болды.

Өзгелердің жаңалығы