Бас жаңалықтар
Өзбекстанда шенеуніктердің салмағы бақылауға алынады
22 Қараша 2020, 11:18 114

Өзбекстанда шенеуніктердің салмағы бақылауға алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің Денешынықтыру және спорт министрлігі осындай жүйені 2021 жылдың 1 шілдесінде іске қоспақ, деп жазды zakon.kz.

Алдымен шенеуніктердің салмағын бағалаудың критерилері жасалып, артынан сараптауға арналған онлайн мониторниг жүйесі пайда болады. Сондай-ақ 2021 жылдан бастап мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жұмыс арасында дене шынықтырумен айналысуға арнайы уақыт бөлінеді. 

Бұған дейін, 30 қазан күні ел президенті Шавкат Мирзиеев «Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты жаппай кіріктіру» туралы қаулыға қол қойған болатын. 

Құжатта 20201 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекеме қызметкерлері дене шынықтырумен айналысып, «семіздік деңгейін төмендетіп, денсаулық жағдайларын жақсартатыны» жайлы  жазылған еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...