Пандемия онлайн оқыту саласына әлемдік бетбұрыс жасауға итермелейді – саясаттанушы

27 Мамыр 2020, 15:29
1999
Бөлісу:
Пандемия онлайн оқыту саласына әлемдік бетбұрыс жасауға итермелейді – саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы елдегі ғылым мен білім саласын дамытуға бағытталды. Бүгінгі таңда білім жүйесінде қалыптасқан жағдайға қатысты бірқатар өзекті ұсыныстар болды. Бұл туралы саясаттанушы Қазбек Майгелдинов мәлімдеді.

Жоғары оқу орындарының санын қысқарту бастамасы осыған дейін де болды. Алайда қазір мәселе санда емес, сапада болып отыр. 19 млн халқы бар ел үшін 100 (128-130) жоғары оқу орнының болуы көпшілік етеді. Үздік ЖОО-лар болуы керек, ал басты назарды ТжҚБ-ға аудару керек. Онда тек диплом иеленушілер ғана емес, әртүрлі салалардағы мамандық иелері білім алатын еді, - деді Қазбек Майгелдинов.

Сондай-ақ, саясаттанушы пандемия онлайн оқыту саласына әлемдік бетбұрыс жасауға итермелейтінін атап өтті.

Пандемияға дейін онлайн курстарының бұқаралық ашылуы дәстүрлі университеттермен бәсекеге түсіп, олардың тірішілік етуіне әсер етеді деген болжамдар болды. Алайда, бүгінде онлайн форматқа аяқасты өту дәстүрлі институттардың онлайн институттарға трансформацияланауына әкелетінін көрдік. Отандық ЖОО-лар мұндай көшуге дайын ба? Бар мәселе осында болып отыр, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы