Пандемия жағдайында өмір сүріп үйрену қажет – министр

4 Маусым 2020, 18:38
1623
Бөлісу:
Пандемия жағдайында өмір сүріп үйрену қажет – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Қазақстанда коронавирус инфекциясы салдарынан қаза тапқандар көрсеткіші - 0,4% (48 адам). Өзге елдермен салыстырғанда біздің елдегі көрсеткіштің едәуір төмен екенін байқаймыз. Ең алдымен, медицина қызметкерлері мен ғалымдардың ерен еңбегінің арқасында біз бүгінде елдегі эпидемияны бақылауға алып қана қоймай, біздегі медициналық ұйымдарда науқастарды емдеу сапасын бақылауға алып отырмыз, деп ойлаймын, - деді министр. 
Елжан Біртанов бүгінгідей көрсеткішке жетуге Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан дер кезінде қолға алынған шаралар әсер еткенін айтты.
Бұл бағытта, коронавирусқа шалдыққандарды емдеу үшін 34 мыңға жуық төсек-орын жасақталды. Соның тек 25%-ы ғана қолданылуда. Бүгінде ауруханаларда карантин кезіндегідей ауыртпалық жоқ. Денсаулық сақтау жүйесі жұмыс істеп жатыр. Әрине, ауруханалар мен технологияларға қатысты сұрақтар әлі де бар. Біз ауруханалардағы инфекциялық қауіпсіздік технологиясының қаншалықты маңызды екенін түсініп отырмыз. Сол себепті, біз жылдам салынатын аурухана құрылысы бағдарламасын бастап кеттік. Президент жүктеген тапсырмаға сәйкес, 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында инфрақұрылымды ауыстырып, инфекциялық қауіпсіздік, ауаны зарарсыздандыратын желдету жүйесі, мекемені тазарту жүйесі, ластанған және таза бөліктерге бөлу жүйесі сияқты заманауи технологияларға сәйкес келетін аурухана салу мәселесі алға қойылып отыр. Бірқатар ел қазіргі таңда осы жүйемен жұмыс істеуде, - деді ол.
Біртановтың айтуынша, реанимациялық төсек-орын саны да жеткілікті. Жағдайы ауыр науқастар бақылауда. 
Вирус жұқтырғандар саны артқаннан кейін жағдайы төмен науқастар санының да өзгергенін байқап отырмыз. Бірақ, төсек-орын жеткілікті. Бүгінде коронавирус инфекциясымен күресуге бөлінген реанимациялық төсек-орынның 80%-ы бос тұр. Қазіргі таңда 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына тіркелген. Жалпы, реанимациялық бөлімнен 306 адам өтті, оның 201-і реанимациядан шығарылды, 48-і қаза тапты. Өкпені жасанды желдету аппаратына 90 адам тіркелді, оның 20-ы аппараттан алынды, - деді ол.
Елжан Біртанов соңғы екі аптадағы елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталды. 
Карантиндік шаралардың жеңілдетілуінен кейін кейбір өңірде вирус жұқтырғандар санының артқанын көріп отырмыз. Мысалы, 15-24 мамыр аралығында жалпы ел бойынша 2800 науқас тіркелсе, өткен аптада (25 мамыр-3 шілде) 3500 науқас тіркелген. Бұл жағдайға түрлі бағыттан қарауға болады. Тағы қатаң карантин режимін енгізіп, өсім деңгейін төмендетуге болады. Бірақ, қатаң карантин – бұл шешім емес. Төтенше жағдай кезінде қолдануға болады, оның нәтижелі болатынын да көрдік. Әлеуметік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру мақсатында жеңілдетілген карантиндік шаралар қалыпты өмір салтына түстік деген сөз емес. Пандемия, карантин жағдайында өмір сүріп үйрену қажет, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы