Пандемияға байланысты 750 млрд теңге көлемінде несиені өтеу кейінге қалдырылды

4 Мамыр 2021, 11:22
1461
Бөлісу:
Пандемияға байланысты 750 млрд теңге көлемінде несиені өтеу кейінге қалдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа пакеті 50 мың бизнес субъектісіне сауалнама жүргізу негізінде әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы салық режимдерін қолданатын шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерін табыс салығынан 3 жылға босату қолданылады. Осы жылдың бірінші қаңтарынан бастап қызмет көрсету салаларында алынған табыстың 3% мөлшерлемесімен бөлшек салықтың жаңа арнайы режимі енгізілді. Биылғы бірінші сәуірден бастап, бірінші шілдеге дейін зардап шеккен салаларда еңбекақы төлеу қорынан салықтарды төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілетін болды, - деді Әсет Ерғалиев.

Ол сауалнамаға 50 мыңнан астам адам қатысқанын, «Атамекен» ҰКП жүргізген кәсіпкерлік субъектілеріне ШОБ қолдау бойынша жаңа шаралар пакеті дайындалғанын атап өтті.

Ал Үкімет басшысы Асқар Мамин шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтық және кедендік берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатып қойылғанын жеткізді. 

Бұл кәсіпкерлерге айналым капиталын толтыру үшін қосымша 279 млрд теңгені жұмсауға мүмкіндік жасайды. Екінші деңгейдегі банктерде кредиттер бойынша төлем мерзімін биылғы 1 шілдеге дейін шегеру шаралары қабылданды. Кейінге қалдырылған төлемдер көлемі 750 млрд теңгені құрайтын болады, - деді Асқар Мамин.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі барлығын «таза парақтан» бастайын деп жатқаны туралы хабарлады.


Өзгелердің жаңалығы