Бас жаңалықтар
Парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусымда өтеді
26 Маусым 2020, 09:14 164

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусымда өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкіміне сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын, - деп Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған Өкім мәтінінде айтылған.


Фото: дереккөз
Загрузка...