Тоқаев партия құру үшін мүшелер санын 20 мыңға дейін азайтуды ұсынды

20 Желтоқсан 2019, 12:57
4316
Бөлісу:
Тоқаев партия құру үшін мүшелер санын 20 мыңға дейін азайтуды ұсынды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында саяси партия құру үшін тіркелетін мүшелер санын екі есе төмендетуді ұсынды. 

Саяси партия құру үшін тіркеу кедергілерін азайту. Қазір саяси партия құру үшін кем дегенде 40 мың мүшесі болу керек. Бұл норма ұзақ уақыттан бері сақталып келеді және өткен кезеңнің талабына сай болды. Енді жаңа саяси жағдайда бір жағынан азаматтардың талап-тілектеріне, екінші жағынан ықтимал тәуекелдерге лайықты үн қатуымыз қажет. Біздің қоғам партия құрылысының жаңа сапалық кезеңіне өтетіндей дәрежеге жетті. Сондықтан тіркеу үшін партия мүшелері санының төменгі шегін екі есеге, яғни 20 мыңға дейін азайтуды ұсынамын, - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев бұл айтарлықтай маңызды өзгеріс екенін және азаматттық белсенділікті арттыруға қосымша мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, партияларға және сайлауға қатысты заңдарды бірте-бірте өзгерту қажет екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы