Пәтер иелері кооперативтері қосымша табыс таба ма?

23 Ақпан 2021, 15:11
1696
Бөлісу:
Пәтер иелері кооперативтері қосымша табыс таба ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев айтты.

Іс жүзінде пәтерлер иелерінің кооперативтерінің, басқарушы компаниялардың басшылары және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарумен айналысатын басқа да тұлғалар, пайдаланудағы ортақ мүліктің жекелеген бөліктерін жалға немесе пайдалануға беру арқылы қосымша табыс таба алады. Мұны пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері білмеуі мүмкін. Сондықтан пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелері, жаңадан құрылған мүлік иелері бірлестіктері мен жай серіктестіктер көппәтерлі тұрғын үйдің қандай табыс пен пайда әкелетінін білуі маңызды, - деді ол.

Дауылбаевтың айтуынша, табыстың негізгі көзі – жарнама, жабдықтарды орнату және үй-жайларды жалға беру.

Осылайша, лифтідегі және үй сыртындағы жарнамалар, төбеде орнатылған антенна немесе басқа жабдықтар көппәтерлі тұрғын үйдің қосымша табысы бола алады. Қосымша кірістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға жұмсалуы тиіс және бұл туралы ақпарат әрбір тұрғынға берілетін ай сайынғы есепте көрсетілуі қажет. Басқарудың жаңа формаларын енгізу әрбір көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың мүдделерін қорғауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау сапасының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл тұтастай алғанда тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді, - деді ол.

Бұған дейін ол Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 170 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынып, 1 миллион 600 мыңнан астам азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарғанын мәлімдеген болатын.


Өзгелердің жаңалығы