Бас жаңалықтар
Павлодар облысында бөкендер саны артып келеді
10 Желтоқсан 2019, 03:49 531

Павлодар облысында бөкендер саны артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында "Бөкен" атты ауқымды республикалық табиғатты қорғау акциясы басталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Охотзоопром" РМК бас аңшылық танушы маманы Мұхит Акоев атап өткендей, акцияның басты мақсаты – қасақылықты болдырмау.
Бөкендерді қорғауға облыста жұмыс істейтін 222 инспектордың 192-сі жұмылдырылған. Павлодар облысында бөкендердің Бетпақдала популияциясы мекендейді. Бүгінде олардың саны екі мың бас шамасында. Былтыр олардың саны 1,5 мыңнан асқан жоқ. Сондықтан, бұл жануарлардың саны бірте-бірте көбейіп келе жатыр деуге болады, - деді Мұхит Акоев.

Мұхит Акоевтің сөзіне сенсек, әзірше Ертіс өңірінде бөкендерді заңсыз ату фактілері тіркелмеген. Дегенмен, оларды атуға салынған мораторий биыл аяқталып, келесі жылы жалғаспайтын болса, Павлодар облысында бөкендерді атуға рұқсат беріледі.
Павлодар облысындағы бөкендердің саны нормаға сәйкес шамамен 5-6 мың басқа жетуі керек. Біздер мораторийдің ұзартылуын күтудеміз. Ондай жағдайда бөкендердің популяциясын толықтай қалыпқа келтіруге мүмкіндік ашылады, - дейді Мұхит Акоев.

Алайда, мораторий тоқтатылып, бөкендерді атуға рұқсат берілгеннің өзінде, олардың жаппай қырылуына жол берілмейді. Бұл мәселе қатаң қадағаланып, жануарды атуға жолдамаға ие болған аңшылар «Охотзоопром» мамандары мен құқық қорғау органдарының қарауында болады.

Айта кетейік, "Бөкен" акциясының бірінші кезеңі 31 желтоқсанға дейін жалғасып, екінші кезеңі мамыр айында, яғни жануарлар төлдейтін кезде басталады.



Фото: дереккөз
Загрузка...