Бас жаңалықтар
Құс тұмауы: Павлодар облысында карантин енгізілді
26 Қыркүйек 2020, 17:03 153

Құс тұмауы: Павлодар облысында карантин енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құс тұмауына байлынысты Павлодар облысының бірқатар ауданында карантин енгізілді. 

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Бүгінгі күні Жаңақұрылыс, Ақтау, Жаңа жұлдыз ауылдарының кіреберісіне карантиндік блокпосттар қойылған. 

Мұнда полиция қызметкерлері мен ветериналық қызмет кезекшілік атқаратын болады.

Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылының әкімі Қайырбек Әбсәламовтың айтуынша, мұнда 1800 құстың 1500 мыңға жуығының көзі жойылды. Аталмыш жұмыстар Железинка ауданының Ақтау ауылында да жүргізілуде. 

Сонымен қатар, құс тұмауы Жаңа жұлдыз ауылында да анықталды. Мұнда 2000-ға жуық құс қырылып қалды. Бес мыңнан астам құстың көзін жою көзделіп отыр, - дейді Железинка ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Қаңтарбаев. 

Аталмыш ауылдардағы карантиндік шаралар соңғы жағдай тіркелгеннен кейін 21 күн сақталады.


Фото: дереккөз
Загрузка...