Бас жаңалықтар
Павлодар облысында киіктердің саны артып келеді
23 Қараша 2020, 23:32 223

Павлодар облысында киіктердің саны артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киіктерді заңсыз аулау немесе зиян келтіргені үшін 350 АЕК – 500 АЕК айыппұл салынады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн форматтағы баспасөз конференциясында Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Түлепбаев мәлім етті.

Облыс аумағындағы қысқы кезеңгі «Киік» акциясы бірінші желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Киіктерді қорғау Павлодар облысынан басқа 12 облыстың аумағында жүргізіледі.

2007 жылдан бері Павлодар облысының аумағында «Охотзоопром ПО» РМКК-ның тірек бекеті бар. Кәсіпорын мамандары Павлодар жануарлар әлемі және орман шаруашылығы инспекциясы мен Баянауыл мемлекеттік ұлттық-табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесіп, Май және Баянауыл аудандарының аумағында киіктерді қорғау шараларын тұрақты жүргізеді.
Киіктерді заңсыз аулау бойынша шараларды күшейту мақсатында орман шаруашылығы және жануарлар әлемі Комитетінің бұйрығымен 2023 жылға дейін ҚР аумағында киіктерді қолдану, бөлшектері мен дериваттарын қолдануға тыйым салынған. Бұл аңдарды тек ғылыми мақсатта қолдануға болады. Еркек киіктерге зиян келтіргені үшін 500 АЕК, яғни 1 389 мың теңге, ұрғашы, жас аң – 350 АЕК, яғни 972 мың теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған, - дейді Руслан Түлепбаев. 
Инспекция қызметкерлері киіктердің дериваттары немесе бөлшектерін сатып алу және сату бойынша әлеуметтік желілердегі хабарландырулардың таралуына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.
Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін Павлодар облысының аумағында киіктердің дериваттары немесе бөлшектерін тасымалдау немесе беру, шығару, сату, сақтау, сатып алу деректері тіркелген жоқ. Табиғат қорғау ұйымдарының бірлескен жұмысы облыс аумағында тіршілік ететін киіктер санының артуына оң әсерін тигізді. Қазіргі таңда көшпелі аңдардың саны 8000-10000 басқа дейін көбейді, - дейді инспекциясы басшысы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...