Бас жаңалықтар
Павлодар облысында көмір арзандады
01 Қазан 2020, 18:49 133

Павлодар облысында көмір арзандады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде көмір арзандады. Майкөбен кенішінен алынатын отынның бағасы 20%-ға төмендеді. 

Облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы мамандарының мәліметінше, өткен жылы майкөбендік көмірдің тоннасы 7500 теңгеден сатылған. Ал теміржол тасымалына арналған отын 6250 теңгеден саудаланды. Ал биыл отынның құны 6700 теңгеге арзандады.        

Қалалар мен аудан әкімдіктері көмір тасымалдаушылармен кездесіп, өнім бағасы турасында бір келісімге келді. Нәтижесінде майкөбелік көмірдің бір тоннасының бағасы 900 теңгеге арзандады. Ал отынды кеніштен алып кету үшін қашықтыққа байланысты 500 теңгеден 2500 теңгеге дейін қосымша үстеме қосылады. Қазіргі уақытта көмір дайындау және босату орындарында 17 мың тоннаға жуық қор бар. Тапшылық жоқ, - дейді жауапты басқарма басшысы Ержан Ертаев. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Павлодар облысы тұрғындарының жылдық сұранысы 428 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күні халыққа арналған 206 тонна көмір дайын. 

Айта кетейік, аймақта жылыту маусымы басталды. Дегенмен жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары аяқтала қойған жоқ. 

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта жөнделуі тиіс 14 шақырымдық магистральдің 13 шақырымы жөнделген. Олардың барлығы екі тәуліктің ішінде толық аяқталуы тиіс. Бүгінде облыс орталығында 100-ден астам, ал Ақсу қаласында 11 көпқабатты үй жылусыз қалуда.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...