Бас жаңалықтар
Павлодар облысында шағын және орта кәсіпкерлік нысандары азайды
25 Қазан 2020, 15:38 145

Павлодар облысында шағын және орта кәсіпкерлік нысандары азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта өңірде 44,9 мың шағын және орта кәсіпкерлік нысаны бар, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының статистика департаменті мәлім етті.

2020 жылғы 1 қазанға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға кеміді және 44,9 мың бірлікті құрады. Оның ішінде: 10,6 мың – заңды тұлғалар, 31 мың – жеке кәсіпкерлер, 3,4 мың – шаруа немесе фермерлік қожалықтар, - деді департаментте.
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 4,7%-ға азайды және 128,7 мың адамға жетті.

2020 жылғы қаңтар-маусымдағы шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару (салыстырмалы бағада) 10,5%-ға кеміді және 335,4 млрд. теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес салмағы 2,6%-ды құрады.


Фото: дереккөз
Загрузка...