Павлодар облысында сот төрағасы жұмыстан босатылды

3 Наурыз 2021, 22:45
1528
Бөлісу:
Павлодар облысында сот төрағасы жұмыстан босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Талғат Тағажай 2020 жылғы наурызда қызметінен шеттетілген еді, бірақ қызметінен босатылмаған болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғат Тағажайдың пара алды деген күдігі бойынша қылмыстық іс қозғады, алайда кейін тергеу тоқтатылды.

Бұл іс бойынша Павлодарда танымал бизнесмен Георг Шпейзер де өтті. Сот ғимаратында Талғат Тағажайдың бизнеcменмен қарым-қатынасы сот этикасы кодексін бұзу бұзу ретінде қаралды.

Айта кетейік, пара мөлшері қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда көрсетілмеген.

Сот этикасы жөніндегі комиссия экономикалық сот төрағасының іс-әрекетінде тәртіптік теріс қылықты қарады.

 Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Т.Б. Тағажай ҚР Президентінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №525 Жарлығымен сот жюриінің шешімі бойынша тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін атқарып отырған лауазымынан босатылды, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, сот алқасы облыстық МАЭС төрағасы қызметте қала ма, жоқ па екені туралы шешкен болатын.

Өзгелердің жаңалығы