Павлодар облысының 12 волонтерлік ұйымы ағаш отырғызды

17 Қазан 2020, 20:40
2057
Бөлісу:
Павлодар облысының 12 волонтерлік ұйымы ағаш отырғызды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде күзгі ағаш отырғызу науқаны қызу. Бүгін аймақтың 12 волонтерлік ұйымы облыс орталығындағы саябақтарда ағаш отырғызды.

Жастар 31 қайың, 37 қарағай отырғызды. Бұл қалалықтар үшін игі дәстүрге айналды. Жас буын өкілдері көшеттерді қар түсенше күтіп-баптамақ.

Біздің кәсіпорын Павлодар қаласын көгалдандырумен айналысады. Жұмыстарымызды шаһардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен жасасқан келісімшарт аясында атқарамыз. Көшеттердің биіктігі - 1,5-2 метр. Технология шеңберінде ағаштарды топырағымен бірге отырғыздық. Барлығы бейімделіп, өседі деген сенімдеміз, - дейді жауапты мекеме өкілі Дәулет Рақымбеков.

Жалпы, осы жылы «Жасыл ел» жасағының жастары көгалдандыру жоспары шеңберінде 4000 мың ағаш отырғызған.

Айта кетейік, аймақта 2021-2025 жылдар аралығында орман шаруашылығын дамыту және орман алқаптарын кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспары әзірленген. Оның аясында 50 миллион ағаш отырғызылады. Мақсат - облыстың экологиялық ахуалын жақсарту.

Сала мамандарының мәліметінше, көктемгі науқан кезінде 61 мың гектар жерге 300 мыңнан астам қарағай салынды. Қалған 49 гектер жерге жасыл желек салу жұмыстары осы күзде аяқталмақ. 2020 жылғы жоспар бойынша 110 гектар аумаққа түрлі ағаш сұрыптары

Павлодар қаласының айналасында жасыл белдеу құры жұмыстарына жергілікті өнеркәсіп ұйымдары да қолдау көрсетеді.


Өзгелердің жаңалығы