Павлодарда 25 қаңтардан бастап карантин күшейтіледі

23 Қаңтар 2021, 15:08
1324
Бөлісу:
Павлодарда 25 қаңтардан бастап карантин күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Алиев Батырбектің жаңа қаулысы жарияланды.

Жаңа қаулы 2021 жылдың 25 қаңтарында сағат 00:00-ден бастап күшіне еніп, 2021 жылдың 8 ақпанының 00.00 сағатына дейін созылады.

Қаулының толық мәтінімен pavlodarnews.kz сайтынан танысуға болады.

Ғимарат ішіндегі жалпы 30 орыннан асырмай, әлеуметтік арақашықтықтың, үстелдердің арасында кемінде 2 метр арақашықтықта орналастырылуын және бір үстел алдында 4-6-дан аспайтын адамдардың отырғызылуын сақтап, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа жаппай өткізілетін іс-шараларды өткізусіз, сағат 8:00-ден бастап 20:00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен ұйымдастырылсын. Сондай-ақ жеткізу режимі 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану нысандарының, яғни мейрамханалар, кафе, барлар, асханалар мен басқа нысандардың  қызметіне, жеткізу/алып шығу форматында уақытын шектемей, Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келушілердің ас ішу залында болуына тыйым салумен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі мен жексенбі күндері жұмысты тоқтатумен (тек жеткізу/алып шығу режимінде) рұқсат беру, - делінген Қаулыда.

Құжатқа сәйкес сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 9:00-ден 20.00-ге дейінгі тәртіппен, сенбі мен жексенбі күндері жұмысты тоқтатумен рұқсат беріледі.

Сонымен қатар барлық сауда объектісіне, қоғамдық көліктерге, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, дәліздерге, лифтілерге, ұйымдарға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу қамтамасыз етілуі қажет.

Осы Қаулы 2021 жылдың 25 қаңтарында сағат  00:00-ден бастап күшіне енеді, қолданылу мерзімі - 2021 жылдың 8 ақпанының 00.00 сағатына дейін, - делінген құжатта.

Өзгелердің жаңалығы