Павлодарда балаларға ойын алаңдары орнатылуда

1 Тамыз 2020, 05:40
1970
Бөлісу:
Павлодарда балаларға ойын алаңдары орнатылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда балаларға ойын алаңдарын салуға 100 мекенжай таңдап алынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта қаланың 10-нан астам ауласында алаңдарды орнату жұмыстары аяқталды. Жаңа нысандар Айманов, 46 және 48 мекенжайындағы үйлердің ауласына орнатылды. 

ТҮКШ бөлімінің мамандары балалар алаңдарын орнату жұмыстары белгілі бір уақытты алатынын атап өтті. 

Алаңды орнатпас бұрын коммуналды желі иелерімен келісу қажет. Егер болашақ алаңның орнында желілер болса, оны орнату мүмкін емес. Жақын арада аулаларда барлық жұмыстар аяқталып, шағын пішіндер мен тартан жабыны орнатылады, - деді қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Бағдат Жингулова.
 

Ойын алаңдарында орнатылған шағын нысандар – ресейлік өнім. Кепілдік мерзімі 1 жыл. Сондай-ақ, ТҮКШ бөлімінде қараша айының соңына дейін балалар алаңдарын орнату бойынша барлық жұмыстар аяқталатынын айтты.
Өзгелердің жаңалығы