Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті

8 Мамыр 2021, 05:25
1288
Бөлісу:
Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бала облыстық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Бес жасар ұл бала Павлодар қаласындағы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Бала құлаған пәтер үшінші қабатта орналасқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жедел жәрдем бригадасы баланы Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізген. Науқаспен бірге реаниматолог жүрген. Дәрігерлер балаға компьютерлік томография жасады. Бала ми жарақатын алған. 

Суреттерге сүйене отырып, науқасқа бас сүйегінің негізіндегі жабық сынық диагнозы қойылды.

Өзгелердің жаңалығы