Павлодарда қоқыстың 3 түріне арналған еуроконтейнерлер қолданысқа беріледі

17 Қазан 2020, 14:04
1443
Бөлісу:
Павлодарда қоқыстың 3 түріне арналған еуроконтейнерлер қолданысқа беріледі

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде «жасыл» экономикаға көшу концепциясын дамытуға бағытталған шаралар қолға алынған.

Облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мамандарының мәліметінше, өңірде жыл сайын 60 мың тоннаға жуық қоқыс тасталады.

Облыста қоқысты бөлу үш қалада енгізілген. Тұрмыстық қалдықтарды жою және қайта өңдеумен 10 кәсіпорын айналысады. Мәселен, Екібастұз қаласы үшін 913 арнайы еуроконтейнер берілді. Олардың 374 данасы пластиктен, ал қалғаны темірден жасалған. Ал облыс орталығындағы кәсіпорын жалпы аумағы 3,5 мың шаршы метр болатын ғимарат сатып алды. Қоқысты сұрыптау орталығының жылдық қуаттылығы 100 мың тоннаға жетпек, - дейді салалық мекеме басшысының орынбасары Айгерім Қабылтаева.

Осы тектес кәсіпорын Екібастұз қаласында да бар. Кешеннің жылдық қуаттылығы 40 мың тонна. Ал Ақсу қаласындағы мекеме қағаз, макулатура мен пластик қоқыстарды бөліп, жинақтайды. Бұл жерге электр желілерін тарту жоспарланған.

Былтыр тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі небары 15%-ды құрады, яғни, 90 тонна өңделді. Ал биылғы көрсеткіш - 16,5%.


Өзгелердің жаңалығы