Павлодарда тұрғын үйден өрт шығып, төрт адам қайтыс болды

10 Мамыр 2021, 09:42
1387
Бөлісу:
Павлодарда тұрғын үйден өрт шығып, төрт адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда тұрғын үйден өрт шығып, төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

9 мамырда сағат 21:02-де Павлодар қаласы, Қамзин көшесі 364 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, - деді Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Батұрқұлов Мейрамбек. 

10 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінде 56 шаршы метрде өрт шықты. Өрт сағат 21:30-да сөндірілді. 

Оқиға орнынан 4 мәйіт табылған. Пәтерден бір әйелдің жанып кеткен мәйіті, ал баспалдақта улы газбен уланған бір ер адам мен баласы бар әйел адам табылған, - делінген хабарламада.
Оқиға орнында 28 адам және 8 бірлік техника, өрт сынақ зертханасы жұмылдырылды. Өлім жағдайлары және өрт кезінде қаза болған адамдардың кім екендері анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы