Павлодардың ірі супермаркеттерінде экопакеттер сатыла бастады

8 Сәуір 2021, 15:18
1304
Бөлісу:
Павлодардың ірі супермаркеттерінде экопакеттер сатыла бастады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің ірі сауда орындары зиянды полиэтилен дорбаларынан біртіндеп бас тарта бастады. Қазіргі уақытта азық-түлік дүкендерінде экопакеттер сатыла бастады.

Облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Даурен Қaбдушевтың айтуынша, аймақта «Бизнес Ертіс» атты бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның аясындағы жобалар аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

Облыстағы ірі сауда желілерімен тұрындарға экологиялық тaза пакеттерді ұсыну және полиэтилен дорбаларының көлемін азайту мүмкіндігі туралы меморандум жасалды. Әр тұтынушы экологиялық пакеттерді сатып ала алады. Дорбалар мен сөмкелер - отандық өнім. Осылайшa, әр павлодарлық өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қоса алады, - дейді Даурен Қабдушев.
Облыстағы ірі сaуда желісінің өкілі Наталья Дралованың айтуынша, дүкендерде полиэтилен пакеттерін сату азайтылып, тұрғындарға дорбалар ұсынылады.
Біз экологиялық таза өңірде тұрғымыз келеді. Сондықтaн, бұл жобаны қолдаймыз. Қазіргі уақытта желіде сөмкелер мен дорбaлар сатылымда. Оларды бірнеше рет пайдалануға болады. Өнім, сонымен қатар, қоршаған ортаға зиянды емес. Тез шіріп кетеді, - дейді Наталья Дралова.

Эколог-мамандардың бұл бастамасын онға жуық супармаркет қолдап отыр. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтін пакеттерге кезең-кезеңмен көшу жоспарланған.

Айта кетейік, Пaвлодар облысында күніне 700 тоннаға жуық қатты қоқыс тасталады. Оның 15 процентке жуығы плaстмасс өнімдеріне тиесілі. Сәйкесінше, осы қоқыс түрін қайта өңдейтін және сұрыптайтын 12 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. 


Өзгелердің жаңалығы