Павлодарлық антрополог нумизматика музейін ашуды жоспарлауда

1 Наурыз 2021, 13:55
1605
Бөлісу:
Павлодарлық антрополог нумизматика музейін ашуды жоспарлауда
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің антрополог-ғалымы Эдуард Лампартер еліміздегі алғашқы нумизматика музейін ашуға ниетті. Қазіргі таңда қолында музейге жететін жәдігерлер қорын жинақтаған.

34 жастағы коллекционер сирек кездесетін ақша үлгілерін 1992 жылдан бері жинақтап келеді. Экспонаттардың қатарында тимуридтер заманында, Кеңестік және патшалық Ресей, сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанда қолданыста болған және әлі күнге дейін айналымдағы тиындар мен қағаз ақша үлгілері бар.

Коллекционердің айтуынша, нумизматика музейі Ертіс өңірінің туристік әлеуетін одан әрі тартымды етпек. Бүгінде бірегей коллекция Эдуард Лампартердің пәтерінде сақталуда.

Ең көне жәдігер Алтын Орда заманына тиесілі. Тимуридтер қолданған ақша үлгілері бар. Темірден соғылған тиындарда араб тіліндегі жазбалар бар. Сонымен қатар, Патшалық Ресейде айналымда болған валюта үлгілері баршылық. Тәуелсіздік жылдары соғылған банкноталардың барлығын жинақтап алдым. Олардың ішінде ақаулары бар тиындар да бар. Бұл санаттағы тиындар бағалы. Арманым - осы коллекцияны біртұтас музейге айналдыру. Бүгінде 10 мыңнан астам дана жәдігер бар. Болашақта жекеменшік нумизматика музейі болса деймін, - дейді Эдуард Лампартер.
нумизмат1.jpg

Музей ашу мақсатында коллекционер жергілікті билік өкілдеріне хабарласып, қолдау сұраған. Бірақ, идеяны қолдаушылар әзірге жоқ.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Павлодар география үйінің жанында ақша үлгілері бойынша тұрақты экспозициялар ұйымдастырылған. Шағын көрмелерді кез келген тұрғын тамашалай алады.

 

 

 

 

 


Өзгелердің жаңалығы