Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда полиэтилен пакеттерін жинау эко-акциясы өтеді
30 Маусым 2020, 16:15 47

Нұр-Сұлтанда полиэтилен пакеттерін жинау эко-акциясы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның экологиялық ұйымдары Қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Stop Musor" әлеуметтік жобасы аясында полиэтилен пакеттерін жинауға бағытталған акция ұйымдастырады.

Акция 1 және 3 шілдеде сағат 11:00-20:00 аралығында Орталық, Ботаникалық және "Жетісу" саябақтарында өткізіледі. Пакеттер таза күйінде ғана қабылданып, олардың санын 20-дан асырғандарға арнайы сыйлықтар бар.

Акция Халықаралық полиэтилен пакеттерінен бас тарту күніне арналып отыр. Өздеріңіз білетіндей, әлемнің көптеген елінде бұл күні салафан пакеттерді пайдаланудан толығымен бас тарту ұсынылған. Ұйымдастырушылар елорда тұрғындарын экологиялық мәселелерді шешуге белсенді болуға және өз үлестерін қосуға шақырады, - делінген хабарламада.

Екі күндік экологиялық акцияның қорытындысы ретінде шілде айының екінші жартысында, қазақстандық заманауи суретші Сәуле Сүлейменова жиналған пакеттерден көркем дүние жасап шығарады. Кескіндеме "Жетісу" саябағындағы Шарын шатқалы жартасының қасына қойылады. 

*Stop Musor Жобасы халықтың білімі мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтарға тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бұл осындай тәрбиелік мәні зор жоба.

Сіздерді жобаның әлеуметтік парақшаларына https://instagram.com/stopmusorkz және https://www.facebook.com/stopmusorkz/ жазылуға шақырамыз.

Қосымша сұрақтар бойынша Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының баспасөз қызметіне 8 778 456 09 99, e-mail: meruert_1968@mail.ru арқылы хабарласыңыз.


Фото: дереккөз
Загрузка...