Полицейлер сауда үйлерінде бетперде таратты

23 Мамыр 2020, 14:07
1726
Бөлісу:
Полицейлер сауда үйлерінде бетперде таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық тәртіп сақшылары халық арасында тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

Елордалық полицейлер еріктілермен бірлесіп, жұмысын жандандырған сауда үйлерінде келушілерге бетперделер таратты. Сақшылар "Тұлпар", "Астаналық" сауда үйінің және супермаркеттердің аумағын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық орындарда қорғаныс құралдарынсыз жүрген тұрғындармен алдын алу әңгімелесуін жүргізгеннен кейін, полицейлер оларға бетперде таратты. Тұрғындар полиция қызметкерлеріне көңіл бөлгендері және қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз еткендері үшін алғыстарын білдірді.
Карантин режимі әлі аяқталған жоқ. Біз адамдарға жеке қауіпсіздік ережелерін түсіндіреміз және оларды сақ болуға, дүкендерде арақашықтықты сақтауға, міндетті түрде бетперде киюге шақырамыз. Бүгін біз ескерту жұмыстарын жүргіздік. Егер сауда үйлері карантин талаптарын сақтамаса, онда біз ҚР ӘҚБК 462-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартатын боламыз және карантин шараларын бұзатын мекемелерді жабуға дейін апаратын шаралар қабылдау қажеттілігі туралы өтінішхатпен шығамыз, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғосман Жакин.

Полицейлер тұрғындарға егер қажеттілік туындамаса, үйлерінен шықпауды ескертеді. Осы шаралардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жүргізіліп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы