Полицейлер "Жақсылық барлығына қолжетімді" акциясын бастады

30 Мамыр 2020, 16:59
1648
Бөлісу:
Полицейлер "Жақсылық барлығына қолжетімді" акциясын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жақсылық барлығына қолжетімді" атты Алматыда полиция науқаны басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамыр мен 1 маусым аралығында балаларды қорғау күніне арналған “Жақсылық барлығына қолжетімді” жалпы қалалық науқаны басталды.
Науқан аясында жағдайы нашар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда. Сонымен қатар, мұғалімдермен бірге мектеп оқушылары арасында онлайн түрде сурет және эссе байқауы науқанын өткізеді. Жеңімпаздарға марапаттау қағаздары мен сыйлықтар дайындалды. Науқанға қаланың барлық полиция Департаментінің жеке құрамы қосылды. Полиция қызметкерлері балаларға ойыншықтар, кәмпиттер, тамақ және т.б. түрінде сыйлықтар ұйымдастырды. Өкінішке орай, карантиндік шараларға байланысты, жыл сайын қалалық деңгейде өткізілетін мәдени шараларды өткізу мүмкін емес. Соған қарамастан, біз өз қарауымыздағы отбасыларға барып, балаларды құттықтауға бел будық. Бұл балалар үшін де, біз үшін де ерекше мереке. Балаларды қорғау күнінде әр баланың мықты отбасы және қамсыз балалық шағы болуын тілеймін. Балалардың күлкілері біздің ғаламшарымызды жарықтандырсын және жердегі кішкентай тұрғындардың бәрі сау және бақытты болсын. Ата-аналарға шыдамдылық, мейірімділік пен нәзіктік тілеймін. Балалардың бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін сіздер өздеріңіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыздар, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Өзгелердің жаңалығы