Бас жаңалықтар
Төтенше жағдай: Полицейлерге уақытша баспана берілді
27 Наурыз 2020, 21:21 146

Төтенше жағдай: Полицейлерге уақытша баспана берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин кезеңінде Алматы қаласының 700-ге жуық полиция қызметкері жатақханаларға орналастырылды.

Карантиндік режимге байланысты вирус таралмас үшін қаладан тыс жерде тұратын Полиция департаментінің қызметкерлері уақытша жатақханаларға жайғасады.

Біздің қаламыз карантин режимінде болғандықтан, кез келген тұрғын жұқпалы аурудың қоздырғышы болуы мүмкін. Төтенше жағдайда құқық қорғау жүйесінің жұмысы күшейіп, полиция қызметкерлерінің халықпен байланысы – жұмыстың ажырамас бөлігіне айналады. Полиция жұмысының ерекшелігіне байланысты қаланың сыртында тұратын тәртіп сақшыларын уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Мемлекет есебінен біздің қызметкерлерге барлық жағдай жасалды. Карантин кезінде Алматының барлық полиция қызметкерлері казармалық режимде – қалада болады”, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Абдуали Нашарбеков.

Тәртіп сақшылары тұратын жатақханаларда тұрмысқа қажеттінің бәрі бар.

Үйде үш балам, әйелім және анам қалды. Әрине, біз сағынамыз. Бірақ бұл – қызмет. Туысқандар алдындағы жауапкершілік бар, өзімізге жүктелген міндеттер бар, бәрін түсінеміз. Тұрғын үй жағдайлары туралы шағым жоқ, бәрі бар деуге болады. Қажет болған кезде казармада, лагерлерде де тұрамыз, ең бастысы – еліміз тыныш болса, азаматтарымызға қауіп төнбесе болды, – дейді Метрополитендегі Полиция басқармасының қызметкері Қуат Байшуақов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...