Бас жаңалықтар
Полиция Есіл өзенін ластаған жүргізушілерді ұстады
12 Тамыз 2020, 15:15 270

Полиция Есіл өзенін ластаған жүргізушілерді ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізушілерге әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

"Таза Қазақстан" жедел-алдын алу шарасы барысында экологиялық заңнаманы бұзған жүргізушілер ұсталды. Олардың бірі көлігін өзен жағасында жуып, екіншісі белгіленбеген жерден су алып жатқан. Екеуі де ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылады.

Айта кетейік, елордада "Таза Қазақстан" жедел-алдын алу шарасы 24 шілдеден бастап өткізіліп келеді. Полиция экологиялық заңнаманы бұзушылардың әрекеттерін анықтап, жолын кесуде.

Жедел-алдын алу шарасы басталғалы, халық көп жиналатын жерлерде шамамен 30 рейд өткізілді. 250-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады полиция департаменті.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...