Польша өз жеріндегі АҚШ әскерилері санын көбейтуге келісім берді

15 Тамыз 2020, 20:55
1507
Бөлісу:
Польша өз жеріндегі АҚШ әскерилері санын көбейтуге келісім берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ пен Польша әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат Құрама Штаттардың Польшадағы күшін ұлғайтып, оның осы елдегі позициясын нығайтуға бағытталған. 

Дәлірек айтсақ, Польшадағы американ сарбаздарының саны тағы 1 мыңға арттырылып, АҚШ-тың 5-жаяу әскер корпусын қайта жасақтамақ. Қазір поляк жерінде 5 мыңға жуық американдық жауынгер бар. 

Польша президенті Анджей Дуданың айтуынша, екі елдің әскери ынтымақтастығы Еуропаның қауіпсіздігін күшейтеді.

Өзгелердің жаңалығы