Бас жаңалықтар
Президент елді толғандырған мәселелерге тоқталды – сарапшы
09 Шілде 2020, 13:49 254

Президент елді толғандырған мәселелерге тоқталды – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина Президент үндеуіне қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайға орай халыққа үндеу жолдады. Қайта күшейтілген карантин тәртібі аса қажетті шешім екенін ерекше атап өтті. Президент өз мәлімдемесінде осы уақытқа дейін карантиндік шараларды жаппай сақтамағандықтан, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жүйелі қателіктерінен, әкімдердің әлсіздігінен пневмонияның күрт өсуімен бірге болған коронавирустың екінші толқын мәжбүр екеніне назар аударды, – деді сарапшы.

Ол аза күнін белгілеудің маңыздылығына тоқталды.

Ең бастысы, Мемлекет басшысы ковид індеті мен пневмония салдарынан дүние салып жатқан азаматтарымыздың жақындарына көңіл айтып, осыған орай 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұған дейін 4 сәуірден Қытай, 22 мамырдан бастап 3 күнге АҚШ, 27 мамырдан бастап 10 күнге Испания секілді елдер Аза тұту күнін жариялаған болатын. Өйткені осы мемлекеттерде бұл аурудан едәуір адам шығыны болды. Қазақстан да 2019 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған жалпыұлттық аза тұту күнінен кейін араға жарты жыл уақыт салып елімізде короновирус індетінен адамдардың қаза болуына байланысты қаралы күн жарияланады. Жалпы, тәуелсіздік алғаннан бастап, яғни 1991 жылдан бері Қазақстанда Аза тұту күні тоғызыншы рет жарияланды, – деді ол.

Президент айтып өткендей, "кемшіліктерді біз көріп отырмыз. Одан тиісті сабақ алып, қажетті шараларды қабылдаймыз", яғни ұстанымы биік ел ретінде біз де пандемия жағдайынан өз сабақтарымызды алып, "бүкіл күш-жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз" керек екендігіміз сөзсіз.

Әрине, Президент Қ.Тоқаев өз үндеуінде тоқталған маңызды мәселелердің басым бөлігі соңғы уақытта көпшілікті толғандырып жүрген еді. Әсіресе, әлеуметтік желілерде және бірқатар БАҚ-та коронавируспен күреске қатысты биліктің әрекеттері сынға алынып, өткір проблемалар ретінде талқыланды. Мемлекет басшысы денсаулық саласының және жекелеген өңірлердің індетпен күрестегі жіберген қателіктерін ашып айтып, ешкімнің де көмексіз қалмайтынын атап көрсетті, – деді Алуа Жолдыбалина.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...