Президент маңызды проблемаларды көрсетті – экономист

11 Шілде 2020, 04:25
1128
Бөлісу:
Президент маңызды проблемаларды көрсетті – экономист

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ағымдағы жылдың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелері қорытындыланды.

Осыған орай ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Әсел Әбен өз пікірін білдірді.

2020 жылдың басындағы кеңейтілген отырыста Үкімет өз жұмысын 7 стратегиялық бағыт бойынша жалғастыратынын хабарлаған болатын.

Алайда, коронавирус індетінің салдарынан орын алып жатқан дағдарыс жағдайында бұл мақсатқа қол жеткізу әзірше мүмкін емес. Әр түрлі халықаралық ұйымдардың болжамдарына сүйенсек, 2020 жылдың қорытындылары бойынша ҚР жалпы ішкі өнімнің төмендеуі 1,6-3% шегінде ауытқиды. Көп ұзамай әлеуметтік қашықтық ұстау шаралары күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуын ескерсек, іскерлік белсенділікті қалпына келтіру ұзақ уақытты алатыны сөзсіз. Осылайша, жыл басынан бері экономикалық өсімнің 1,8%-ға төмендеуі байқалады, әсіресе қызмет көрсету секторында 5,6%-ға күрт төмендуі орын алуда. Дағдарысқа дейінгі деңгейге – қолайлы жағдай болса, яғни вирус күзде жаңадан өршімесе, негізгі шикізатқа тұрақты бағалар орнаса, 2021 жылдың аяғында немесе 2022 жылдың басында қол жеткізуге болады, – дейді экономист.

Қазіргі таңда мемлекет COVID-19 жағайын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауда. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап екі аптаға қайтадан карантин режимі енгізілді.

Қажетті дәрі-дәрмекпен және жабдықтармен қамтамасыз ету, төсек-орын санын көбейту, медициналық кадрларды толықтыру үшін қосымша ресурстар қалыптастыруға 150 млрд теңге бөлінеді.

Дағдарысқа қарсы белсенді шаралар қатарында "Жұмыспен қамтудың жол картасын" іске асыру, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларға жеңілдетілген несие беру, халыққа кірістерін жоғалту бойынша төлемдерін, экономиканың зардап шеккен салаларындағы шағын және ірі бизнестің шығындарын өтеу, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау, "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша қарыздарға кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, әлеуметтік төлемдерді қосымша индекстеу жеңілдіктері бар.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы дағдарыспен күреске қаржының бар екенін, қажетті заңнамалық шешімдердің қабылданғанын және ең алдымен дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету керек екенін атап көрсетті.

Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығына аса көңіл бөлді. Карантин мен мұнай бағасының құлдырауы мемлекеттік бюджет кірістерінің қатты қысқаруына алып келді, оның шығындары 1,7 трлн теңгені құрады. Осыған орай 2021 жылғы бюджеттік шығындарды оңтайландыру бойынша жұмыстар басталды. Шығыс бөлігі 1,6 трлн теңгеге қысқарады деп жоспарлануда. Сонымен бірге 2021 жылдан бастап Ұлттық қордан трансферттер мақсатты сипатта ғана болуы тиіс және тек әлеуметтік мәселелерді шешуге және инфрақұрылымдық дамуға бағытталуы қажет. Ағымдағы жылы дағдарыстың салдарынан Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттер 4,7 трлн теңгеге дейін арттырылды, – дейді экономист Әсел Әбен.

Оның айтуынша, Президент екінші жартыжылдықта шешілуі тиіс бірқатар маңызды проблеманы атап көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы