Бас жаңалықтар
Президент Үкімет пен «Атамекен» палатасының бірлескен жұмысына оң бағасын берді – Мырзахметов
30 Қазан 2020, 13:07 130

Президент Үкімет пен «Атамекен» палатасының бірлескен жұмысына оң бағасын берді – Мырзахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

Кеше өздеріңіз куә болғандай, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезі өтті. Оның ерекшелігі – алғаш рет онлайн форматты ұйымдастырылды. Бастысы – шараға Мемлекет басшысының қатысуы болды. Мұның өзі делегаттарға үлкен серпін берді деуге болады. Президент нақты сұрақтарға тоқталып, кәсіпкерлерге деген өзінің стратегиясын айтып берді. Тапсырмалар да берілді. Ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударды. Кәсіпкерлерге қатысты барлық тексеру, реттеу салаларының бәрі жаңа форматта қайта қаралу керек екенін ескертті. Сондай-ақ, пандемияға байланысты мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауды айтты. Соның төңірегінде Үкімет пен «Атамекен» палатасының бірлесіп жасаған жұмысына да оң бағасын берді. Жалпы, кәсіпкерлерде қиындықтарға мойымай, бәсекеге қабілетті болуға шақырды, - деді ол.

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев съезд кезінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін табысты қорғап, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысып келе жатқанын атап өткен болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...