Президенттік клиниканың дәрігері коронавирустан қайтыс болды

12 Шілде 2020, 15:36
1321
Бөлісу:
Президенттік клиниканың дәрігері коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттік клиниканың дәрігері Павел Шолох коронавирустан қайтыс болды.

2020 жылдың 12 шілдесінде коронавирустық инфекциядан біздің әріптесіміз, адал досымыз әрі тамаша дәрігер Павел Иванович Шолох 54 жасында қайтыс болды. Президенттік клиника Павел Иванович Шолохтың туған-туыстары, жақындары мен достарына көңіл айтады, - делінген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Facebook желісіндегі парақшасында.
Павел Шолох медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты уролог-дәрігер, Президенттік клиниканың Ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі болған
Өзгелердің жаңалығы