Президенттің сыны орынды – Маржықпаев статистикалық мәліметтерді жасыру туралы

27 Қараша 2020, 13:05
1304
Бөлісу:
Президенттің сыны орынды – Маржықпаев статистикалық мәліметтерді жасыру туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты. 

Пандемиямен күресу аясында Көкшетау қаласын санитарлық бекеттермен жаптық. 23 қарашадан бастап «қызыл аймаққа» енген соң бұл жұмыс күшейтілді. Статистикалық мәліметтерді жасыру туралы Президенттің сыны орынды. Себебі біздің облыстық санитарлық-эпидемиологиялық орталығының штаты 12 адамнан тұрады. Жаппай ауру таралғанда біз оны өңдеп үлгере алмадық. Сондықтан 100-ге жуық жағдай өңделмей, статистикаға енбей қалды. Президенттің осы туралы айтқан сыны әбден орынды. Қазір статистиканың дұрыс болуына барлық жағдай жасадық, - деді ол. 

Маржықпаев пандемия басында ешкім қатты дайын болмағанын тілге тиек етті. 

Аз уақыттың ішінде бізде 125 ӨЖА болды. Бүгінде 475 аппаратқа жетіп отыр. Ол мемлекеттік бюджет есебінен көбейтілді. Облыс аймағында «Тыныс» зауыты бар. Олар портативтік ӨЖА-ны шығарады. Олар 20 аппаратты сыйға тартса, 60-ын біз сатып алдық. Оларға тестілеу жүргіздік. Қуанышымызға орай, олар әлі қолданыста емес, - деді ол.  

Оның айтуынша, бүгіннен бастап Степногор қаласы да жабылады. 

Көкшетау сияқты Степногор қаласында да шараларды жүзеге асырмақпыз. Себебі санитарлық шараларды күшейту қажет болып отыр, - деді Маржықпаев.
Бұған дейін Маржықпаев Ақмола облысы бойынша барлық жоспарлық индикатор жүзеге асырылғанын, экономикалық белсенділіктің қозғаушы күші инвестиция өсімі болғанын, соның арқасында облыс үздік үштіктің қатарына енгенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы