Бас жаңалықтар
ПТР тестті қымбат сатып, үкімет елді алдап келді ме?
30 Маусым 2020, 14:11 130

ПТР тестті қымбат сатып, үкімет елді алдап келді ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі блогер Яков Фёдоров фейсбуктағы парақшасында ПТР тестке байланысты сауал тастады.

Су жаңа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой брифинг өткізді. Оның айтуынша, үкімет 1,2 млн ПТР тест сатып алу үшін 1 млрдқа жуық теңге бөлген.Құлағым қағыс естімеді ме деп, бірнеше рет айналдырып, қайта тыңдадым.Қарапайым ғана арифметика: 1 млрд теңгені 1,2 млн-ға бөлгенде... Бір тестің бағасы 833 теңгеден келеді, - дейді Яков Фёдоров.

Ол егер министр қателесіп айтып отырмаса, Бұл тонау ғой деп жазды. Онда неге біз осы кезге дейін бір ПТР тест үшін 11-12 мың теңге төледік, - дейді блогер. 

Бұл постың астына министр Алексей Цойдың өзі пікір жазып, жауап қатты.

Үкімет COVID-19 індетімен күресуге 15,7 млрд теңге бөлді. Оның ішінде 1,2 млн ПТР тест сатып алу да бар, - дейді Алексей Цой.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...