Бас жаңалықтар
Пульмонологтың бір күні
01 Желтоқсан 2020, 22:47 197

Пульмонологтың бір күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.КZ. Дәрігерлер, полиция, коммуналдық қызметкерлер, мұғалімдер, құтқарушылар. Олар күн сайын көзге көрінбесе де, жүгі ауыр жұмыстан қашпайтын жандар. Дәл осы мамандық өкілдері бүкіл қаланың үздіксіз және қауіпсіз өмірін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады. 

Олардың маңыздылығы туралы Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жалпыға ортақ еңбек қоғамы туралы мақаласында айтады.

Күн сайын мыңдаған елордалық адам өмірін сақтайды, қоршаған ортаны жақсартады, білімдерімен бөліседі және ортақ әл-ауқатты қамтамасыз етеді. Олардың қатарында №2 көпсалалы қалалық аурухананың пульмонология бөлімінің меңгерушісі Жансая Супыгалиева да бар.

Көп адам пандемияға дейін пульмонологтар туралы білмеді. Мен өзімді таныстырған кезде кейбіреулер оның қандай маман екенін сұрайтын. Енді бәрі біледі деп ойлаймын. Атам менің дәрігер болғанымды армандаған және бұл менің мамандық таңдауыма әсер етті. Университетті бітіргеннен кейін мен емханада терапевт болып жұмыс жасадым. Екі жыл жұмыс істегеннен кейін пульмонологтардың жеткіліксіз екенін көрдім. Осыдан кейін сол мамандықты таңдауға шешім қабылдадым – дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, таңғы жұмыс әуелі бір күндік жұмысты жоспарлаудан басталады.

Таңертеңгі сағат 8-де кезекші медбикелермен бірге жұмысты жоспарлаймыз - қандай науқастар қабылданды, олар қандай жағдайда. Содан кейін бөлімдерге күнделікті аралау жүргіземіз. Күндіз жедел жәрдем әкелген науқастарды қабылдаймыз. Бізді кеңес алуға да шақырады. Ауыр жағдайда жатқызылған науқастар жедел көмекке мұқтаж. Олардың өмірін сақтау үшін шұғыл диагноз қажет. Біз өзіміз емнің нәтижесін көргенде қуанамыз, - дейді Жансая Супыгалиева.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...