Путин Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

6 Шілде 2020, 18:15
1239
Бөлісу:
Путин Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Владимир Путин Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, қажымас қайрат және достас Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі. 

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігі мен мол тәжірибесі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді күшейтуге септігін тигізетініне сенім білдірді, - делінген хабарламада.

Елбасы Владимир Путинге жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. 

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болды.


Өзгелердің жаңалығы