Бас жаңалықтар
Қабанбай Қуанышев: Елімізде заңсыз қарыз беретін 700-ге жуық ұйым бар
Сұхбат EX VIDEO
21 Ақпан 2020, 12:35 669

Қабанбай Қуанышев: Елімізде заңсыз қарыз беретін 700-ге жуық ұйым бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Заңгер, адвокат Қабанбай Қуанышев уақытша қарыз беріп, заеммен айналысатын түрлі шағын қаржылық ұйымдардың қызметі заңсыз екенін айтады.

Еліміз бойынша Ұлттық банкке тіркелмей ЖШС, ЖК болып қана халыққа қарыз берумен айналысатын мекемелер көбейді. Тіпті еліміз бойынша 700-ге жуық тіркеусіз жұмыс істеп жатқан қаржылық ұйым бар – дейді ол.

Оның айтуына қарағанда бұл ұйымдарды қолдап, жұмыс істеуіне мүмкіндік жасап отырған ықпалды топ болуы мүмкін.

Мен осы саламен айналысып жүргеніме төрт жылға жуықтады. Содан бері Үкімет тыйым салу шараларын қолға алып жатырмыз деген. Әлі сол бойы. Билік тарапынан ешқандай әрекет жоқ – дейді заңгер.

Қабанбайдың айтуына қарағанда шағын несиелік ұйымдардың арбауына түсіп қалатындардың 90 пайызы қазақтар.

Жалпы шағын несиеге ұрынып қалғандар, одан құтылудың жолдары жайлы толығырақ видеосұқбаттан біле аласыздар.

Айтпақшы, осы мәселеге тап болғандар Қабанбайға хабарласуға болады: +7 775 106 9737

Фото: Кенжетай АҚСЕЙІТОВ
Загрузка...