Бас жаңалықтар
Асыранды 13 балаға туғанындай болған қамқор ана
PHOTO
05 Қараша 2019, 16:45 1207

Асыранды 13 балаға туғанындай болған қамқор ана

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Айсұлу Сейірбекова – бауыр еті баласынан айырылып, орнына он үш бүлдіршіннің қамқор анасы атанған батыл жан. Өзінің емес, өзгелердің ондаған баласын бағып-қағып өсірген. Ол осыдан 20 жыл бұрын жұмысы мен үйін тастап Талдықорғаннан елордаға келген. Сондағы мақсаты – жаңадан ашылған "Балалар ауылында" тәрбиеші ана болу. Күні кеше "SOS Астана балалар ауылында" өткен пресс-тур кезінде өзінің қиындығы мен қызығы қатар жүрген өмірі жайлы BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. 

WhatsApp Image 2019-11-05 at 12.12.28.jpeg

90-жылдардың басында Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасылық мейірім мен жылу сыйлайтын ұзақ мерзімді, бұрын-соңды болмаған жаңа жоба өз жұмысын бастады. Ол бағдарлама "SOS Балалар ауылы" деп аталады. Бүгінде мұндай ауылдар еліміздің үш өңірінде, яғни Алматы, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында бар. 

Қалың қар басып қалғанда гвардия келіп, есігімізді ашып беретін

Ал Айсұлу Сейірбекова тәрбиеші ана керек деген хабарландыруды газет бетінен көріп қалған екен. Ол бірден хат жазған. Алайда ол туралы мүлдем ұмытып кеткен. Арада бірнеше ай өткенде күтпеген жерден жауап келеді. Содан ол арнайы кәсіби оқыту курсына қатысып, тестілеуден сәтті өтеді. Іріктеу кезеңінде конкурс өте жоғары болған. Үміткерлер де көп болған екен. 

Оған дейін 32 жастағы Айсұлу қоғамдық тамақтануда аспазшы болып жұмыс істеген. Дағдарыс басталады. Сол қиын уақытта қайғылы жағдайды бастан кешеді. 

Мен тұрмыс құрдым. Қызым бар еді. Ол небәрі 5 жасында көз жұмды. Содан мені ұстап тұрған ешкім де, ештеңе де болмады. Сөйтіп, Астанаға кетемін деген шешім қабылдадым. Алайда вокзалға келдім де "қайда және не үшін келдім" деп бір жылап алдым. Жақындарым, анам менен алшақта қалды. Бұл жерде жазық дала, қатты жел. Алғашқы жылдары, әлі есімде балалар қалашығын бораннан кейін қалың қар басып, гвардия келіп, есігімізді ашып беріп кететін, - деп бастады ол өз әңгімесін. 
WhatsApp Image 2019-11-05 at 12.31.13 (1).jpeg

"Мама, менің не бүлдіргенімді бәріне айта бермеңізші"

Айсұлу Сейірбекова өз қамқорлығына алған алғашқы балапандары үшеу еді. Ең кішісі екі жастан енді асса, үлкені – төрт жасар ұл болған. 

Қазір олар ержетті, үй алып, қалада тұрады. Соған қарамастан, мені жайыма қалдырмайды. Қуанышым ұзаққа созылмады. Үш айдан соң маған тағы бес баланы берді. Ал төрт айдан кейін менің 9 балам болды, - деп күлді қайсар ана. 
WhatsApp Image 2019-11-05 at 12.28.01 (1).jpeg
Ол жұмысының алғашқы жылдарында болған қиындықтарымен де бөлісе кетті.

Бастапқы жылдары аптасына екі рет чемоданымды жинайтынмын. Бітті, кетемін деп. Себебі кенже қызымыз психологиялық тұрғыдан қиын бала болған еді. Ұшқалақ, бір орында отырмайтын, тіл табысу күрделі болды. Үнемі қашып, мені жылататын еді. Болды, жүйкем шыдамайды-ау деп ойладым. Бір күні кетейін деп жатсам, ол маған киімдерімді жинастырып көмектесіп жүр (күлді). Қазір сол тентек қызым университетте оқиды, жұмыс істейді. Оған бастан кешкеніміз жайында айта бастасам, ол "мама, менің не бүлдіргенімді бәріне айта бермеңізші" деп жалынады. 

Балаларым менен "Мама, қайда бара жатырсыз" деп сұраса, "Кетемін, тұрмысқа шығамын!" деймін. Сол мінезі күрделі қызым барлық туфлилерімді тығып қоятын еді. Туфлисіз тұрмысқа шыға алмайды деп ойлайтын, - деп күлімсіреп еске алды қамқоршы ана. 

WhatsApp Image 2019-11-05 at 12.28.40.jpeg

Бір жылда 4 сыныпты оқып бітірген Витя

Ол небір оқиғаларды бастан өткерген. Қайсыбір жылы балаларының бірі үйден қашып кеткен. Қашқын ұлды полицейлер тауып алған көрінеді. 

Витяны алып келді. Ол өзгелермен бірге қашып кетіп, бес күндей үйде болмады. Мен РОВД-ға барып, оны көргенде жылап жібердім. Құшақтадым. Ол "Апай, мен енді ешқашан қашпаймын. Бес күн ішінде бәрін көрдім. Жылы төсегімді суық көшеге айырбастадым" деп қатты өкінгенін айтты. Сол Витя бүгінде біздің мақтанышымыз. Ол менталды арифметика мен тхэквондодан сайыстарда жүлдегер атанып, медальдар алып келеді. Шетелге жиі шығады, - деп баласының жетістіктерімен бөлісті тәрбиеші ана. 

Витя "SOS балалар үйіне" келмей тұрып, бұрын мектепке де бармаған, тіпті әріп танымаған. Оқи да, жаза да алмаған. Айсұлу тәрбиеші анасының қамқорлығына 12 жасында келген. Бір жылда 4 сыныпты бітіріп, менталды арифметиканың 8 деңгейін тәмамдаған. Оның туған анасы одан бас тартпаған екен. Ол бас бостандығынан айырылып, абақтыда жазасын өтеп жатыр. 30-ға енді толған. Витяны дүниеге әкелгенде өзі бала болған. Сол кезде оған біреу қолдау көрсеткенде, Витя биологиялық, яғни туған анасымен бірге өмір сүрер еді.

WhatsApp Image 2019-11-05 at 12.31.13.jpeg

Сізден басқа ешкімге керек емес екенбіз...

Біздің балалар өсті, жетілді. Бірақ тәрбие берген аналарын еш ұмытқан емес. Маған "Мама, сізден басқа ешкімге керек емес екенбіз. Жақсы, туғандарыма барамын делік, оларға мен не деймін, ортақ естелік, айтарымыз да жоқ. Балалық шақтан қызықты жағдайларды да еске ала алмаймыз. Біреуін де көрген жоқпыз" дейді. Бұл сөздер мен үшін аса бағалы. Үлкен ұлым келеді маған, қолымды ұстап алып, ұзақ уақыт жібермей отырады. Еркелейді. 

"- Сізді үнемі сағынамын.

- Осы жерде жанымда болғанда ұялушы едің ғой.

- Ақымақ болдым. Анамның жанында жылы, дәмді әрі жайлы", деп бір қуантып тастайды, - дейді тәрбиеші ана. 

WhatsApp Image 2019-11-05 at 12.28.00.jpeg

Оның айтуынша, егер балалар бір-бірімен ренжісіп, ұрыса бастаса ірімшік қосылған вареники әзірлейді екен. 

Бір-біріне көз алартып, өзара келіспей жүргендерін көрсем, "вареники пісіреміз" деп айтамын. Бұл сондай психотерапия ғой. Біреуі қамыр жаяды, біреуі жапсырады, бәріміз бірігіп отырып әзірлейміз. "Келісіп алайық, кім қамыр илейді, кім жаяды, кім салмасын әзірлейді, кім пиязын қосады" деп сұрап аламын. Ал өзім қайнатып, пісіремін. Сөйтіп, вареники пісіп болғанша, барлығы іштерінде жүрген өкпе-реніштерін ортаға салып, сөйлеседі. Соңында, тату-тәтті болады, - деп айтып берді. 
WhatsApp Image 2019-11-05 at 12.28.03.jpeg

Осылайша, жас Айсұлудың бұл балалар ауылына алғаш келгеніне де 20 жыл өтіпті. Көпшілікке үлгі боларлық тәрбиеші ана бүгінде – 52 жаста. Осы жылдар ішінде 13 баланы бағып-қағып өсірген. Аналық мейірімін аямаған. Солардың үлкені қазір әке атанып отыр. Яғни оның сүйікті немересі бар. 

WhatsApp Image 2019-11-05 at 12.28.02 (1).jpeg

Айта кетейік, 2000 жылы еліміздің Тұңғыш президенті - Елбасының өзі салтанатты түрде ашып берген "SOS Астана балалар ауылы" 207 түлекті тәрбиелеп шығарған. Олардың бәрі аяқтан тұрып, лайықты өмір сүруде. 94 тәрбиеленуші тұрғын-үй қорынан үй алып, баспаналы болған. Әр бесінші түлек жоғары білімді, магистратура тәмамдап, ғылым жолында жүргендері де бар екен. 68 бала 12 жанұяның қамқорлығына алынып, толыққанды отбасының не екенін сезініп өсуде. 

WhatsApp Image 2019-11-05 at 12.28.01.jpeg


Фото: Артём Чурсинов
Загрузка...