​​​​«Qazaq radiosy» 400-ден астам ауылда хабар таратуды бастайды

2 Наурыз 2021, 19:12
2463
Бөлісу:
​​​​«Qazaq radiosy» 400-ден астам ауылда хабар таратуды бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ​​​​«Qazaq radiosy» шекара маңындағы 400-ден астам ауылда хабар таратуды бастайды.

«Qazaq radiosy»-ның 100 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 630 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы 400-ден астам ауыл отандық радиоарналардың хабарларын тыңдауға мүмкіндік алады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен шекара маңындағы аудандарда Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін радиостанциялар желісін кеңейту туралы шешім әзірленді. «Qazaq radiosy» бағдарламаларын тарату басым тәртіппен жүргізілетін болады. Бұл жобаны іске асыру үшін Қазақстан шекара маңы аумақтарында радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді. 

Жол картасына сәйкес радиохабар тарату желісін 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін төрт кезеңде дамыту жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы