Қазақстан макроэкономикалық саясаттың қай бағыттарына күш салуы керек?

15 Мамыр 2020, 15:17
3226
Бөлісу:
Қазақстан макроэкономикалық саясаттың қай бағыттарына күш салуы керек?
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) "WhiteshieldPartners" Консалтингтік компаниясымен бірлесіп макроэкономикалық жүйе (монетарлық және фискалдық саясат) бойынша талдамалық зерттеу нәтижелеріне қатысты онлайн пікір-талас өткізген болатын.

Онлайн кездесу барысында сарапшы, Париж саяси ғылымдар мектебінің профессоры Сергей Гуриев Қазақстан Үкіметі макроэкономикалық саясаттың қандай бағыттарына күш салуы керек екенін айтты.

Қазақстан – мұнайға деген ғаламдық сұраныстың өзгеруіне байланысты айтарлықтай қиындықтарға кездесетін елдердің бірі. Қазірдің өзінде мұнай бағасының құлдырағанын байқап отырмыз. Жай ғана жаһандық рецессия емес, мұнайға деген сұранысы бар салаларға да  (әуе және авто тасымалы) зардабы тиген рецессия болуына байланысты осындай жағдай туындап отыр. Жақын күндері мұнай бағасы қалыпқа келеді деп үміттенеміз. Жаһандық консенс алдағы 10-15 жылдың экономикасын қайта ойластыру керек дегенге саяды. Бұған соншалықты көп уақыт кетпейді. Бюджетке жаңа табыс көздерін табу үшін, адам капиталын дамытуға инвестиция құю үшін мақсатты емес салықтарды дамыту керек, - дейді сарапшы.

Сарапшының ойынша, мұнай бағасына тәуелді болмайтын экономика құру үшін бюджетті әдістің аса қажет екенін түсіну керек.

Қазақстан Республикасында мұндай мүмкіндіктер бар және оны қолға алу керек. Экономиканы формальді емес сектордан алып шығу қиын процесс. Дегенмен, қазіргі таңда салық жинауға мүмкіндік беретін қарапайым сандық технологиялар бар. Бұл жолмен әлемнің бірқатар елі келе жатыр. Қазақстан да осындай қадамға бара алады, - деді ол. 

Сергей Гуриев Ұлттық банктің инфляциялық таргетингтеу жобасына қатысты ойын айтты.

Тағы бір маңызды мәселе Ұлттық банктің функцияларын қайта анықтау. Ұлттық банктің қаржылық тұрақтылықты басқарумен айналысуы, экономикалық тұрақтылық мақсатына назар сала отырып, өз әрекеттерін фискалды органдармен үйлестіре білуі өте маңызды. Ұлттық банк бюджеттік бағдарламалармен айналыспауы керек. Ол инфляциялық таргетингтеуге көшетіні туралы мәлімдеме жасаған кездегі фунциялармен айналысуы керек. Инфляциялық таргетингтеу ұлттық валютасы мұнай бағасына тәуелді Қазақстан сияқты ел үшін өте маңызды жоба. Егер Қазақстан қазір кейбір мұнайлы ел сияқты әлі де келе жатқан валюта бағамы долларға байланған бұрынғы жолмен жүрсе, онда мұнай бағасының әр құлдырауы елдің жылдам девальвацияға ұшырауына немесе бақылауға ие бермейтін девальвацияға ұшырауына, сондай-ақ, бәсекеге қабілеттілікті жоюына әкеп соғады. Сондықтан, инфляциялық таргетингтеу дұрыс шешім. Ол үшін Ұлттық банк өзінің стратегиясы аясында әрекет етуі керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы