Қазақстан сейсмикаға төзімді құрылыстың халықаралық қауымдастығына енді

4 Тамыз 2020, 17:14
1558
Бөлісу:
Қазақстан сейсмикаға төзімді құрылыстың халықаралық қауымдастығына енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның IAEE құрамына енуі Республиканың сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы озық әзірлемелер мен технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

IAEE құрамына кіру туралы өтінімді Құрылыс және сәулет ғылыми - зерттеу және жобалау институтының ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) базасында құрылған "Қазақстан Республикасы сейсмикаға төзімді құрылыс қауымдастығы" берді.

IAEE талаптарына сәйкес, мүшелікке енгізу жөніндегі өтініш 6 ай ішінде қаралды, содан кейін IAEE  атқару комитетінің отырысында Қазақстанға ұлттық делегат мәртебесі берілді.  

IAEE мүшесі болу қазақстандық мамандарға сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа құрылыс технологияларын зертеуге және қолдануға, жас мамандарды бірлесіп оқытуға, бірлескен заттай сынаулар ұйымдастыруға мүмкіндік береді, - делінген ИИДМ хабарламасында.

IAEE құрамына 59 мемлекет кіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстан 2025 жылы өтетін делегаттар Бас қауымдастығының 18 отырысының өтетін орнын (18WCEE) таңдау жөнінде онлайн - нұсқау алды (ұлттық делегат ретіндегі бірінші тапсырма). Дауыс беру 15 қазан мен 25 қараша аралығында онлайн режимде өтеді.

Айта кетейік, халықаралық сейсмикаға төзімді құрылыс қауымдастығы (IAEE) - бұл коммерциялық емес ұйым, оның ішінде сейсмикалық төзімді құрылыс бойынша әлемнің ұлттық қоғамдарының өкілдері бар. Ұйым 1963 жылдың ақпан айында Токиодағы орталық кеңседе құрылған.

IAEE сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы ғалымдар мен инженерлер арасындағы білім, ұсыныстар, зерттеу нәтижелері және практикалық тәжірибе алмасу арқылы халықаралық ынтымақтастыққа ықпал етуге мүдделі.

Сонымен қатар, IAEE мамандандырылған мерзімді басылымдарды шығарады және әр 4 жыл сайын бүкіл әлемнен мыңдаған қатысушылар жиналатын сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі дүниежүзілік конференцияны (WCEE) өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы