Қазақстан-Үндістан тауар айналымы 1,56 млрд долларға жетті

30 Қаңтар 2020, 12:39
4779
Бөлісу:
Қазақстан-Үндістан тауар айналымы 1,56 млрд долларға жетті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соның ішінде Қазақстан эскпорты – 1299,1 млн АҚШ доллар, ал Үндістан экспорты 267,9 млн АҚШ доллар болды. Бұған дейін бұл көрсеткіш 1,2 млрд долларға жеткенін Үндістан елшісі сұхбат кезінде айтқан болатын

Үндістан 26 қаңтарда Республика күнінің 71 жылдығын атап өтті. Осыған орай елордада Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар арнайы шара ұйымдастырып, қазақстандық және Қазақстандағы шетелдік дипломаттарды шақырды. 

Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар.JPG

Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі

Үндістанның Қазақстандағы елшісі екіжақты қарым-қатынасқа байланысты 2019 жылда атқарылған шараларды тізбектеп берді. 

Үндістан мен Қазақстан қарым-қатынасы көпғасырлық тарихи және мәдени байланыстардың негізінде құрылды. Екі тарап арасындағы әртүрлі деңгейдегі үздіксіз сапарлары, сондай-ақ соңғы 5 жылда премьер-министр Нарендра Модидың Қазақстанға екі сапары мемлекеттер арасындағы және көпжақты қатынастың түрлі саласы бойынша көпқырлы ынтымақтастықты дамытты. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың тарихында 2019 жылы атқарылған шаралар табысты жыл болғанына дәлел. Үндістанның сыртқы істер министрі доктор Субхарманьям Джайшанкар қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен өткен жылы 22-27 қыркүйек аралығында Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы барысында кездесті. Раджья Сабханың (Үндістан Парламентінің жоғарғы палатасы) спикер орынбасары Хари Банш Нараян Сингх бастаған делегация 2019 жылы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-отырысына қатысу үшін Қазақстанға сапармен келді. Сонымен қатар, Сыртқы істер және Парламент жұмысы бойынша мемлекеттік министр В. Муралидхаран "Астана клубының" 5-отырысына қатысты. 

Үндістанның мемлекеттік туы көтерілді.JPG

Республика күніне орай Үндістан мемлекеттік туы көтерілді

Өткен жылы елімізде президент сайлауы өткенін білеміз. Ел-елден бақылаушылар келді. Олардың арасында Үндістанның өкілдері де болған. Бұдан бөлек еліміздің энергетика саласының мамандары Нью-Дели қаласына іссапармен барып, Petrotech-2019 көрмесіне қатысқан. 

2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда өткен президент сайлауына бақылаушы ретінде Үндістанның сайлау комиссары Сушил Чандра келді. Сол уақытта Қазақстанның энергетика министрі болған Қанат Бозымбаев және онымен бірге сыртқы істер министрінің орынбасары болған Ермек Көшербаев өткен жылы 10-12 ақпанда Нью-Дели қаласында өткен Petrotech-2019 көрмесіне қатысты. Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин бастаған делегация 4-7 қарашада Нью-Дели қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің мекеме басшыларының Қалаларда жер сілкінісін іздеу және алдын алу шаралара бойынша жаттығулардың 10-отырысына қатысқан болатын.

Қазақстан мен Үндістан арасында қорғаныс, қауіпсіздік, ғарыш және азаматтық ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық баяғыдан орнады. Оның айғағы ретінде екі мемлекет арасында бірнеше тәжірибе алмасу іске асты.

Қорғаныс, қауіпсіздік, ғарыш және азаматтық ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық Қазақстанмен стратегиялық әріптестіктің маңызды бөлігі деуге болады. Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин және Авиация генерал-майоры, әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Карбенов бастаған делегациялар 2019 жылдың 19-22 ақпаны аралығында өткен Aero India-2019 шарасына қатысты. 

KAZIND-2019 бірлескен Үнді-Қазақстан әскери жаттығулар 2019 жылдың 1-16 қазаны аралығында Үндістанда өтті. Бұл жаттығуға Қазақстаннан әскери құрамның 60 маманы қатысты. Қазақстан Үндістан батальонымен бірлесіп, Ливандағы БҰҰ бітімгерлік қызметіне қатысып келеді. 

Үндістандық жас сарбаздар.jpg

Үндістандық жас сарбаздар 

Қазақстан Үкіметі қазір шетелден инвестиция тартуға мүдделі. Бұл салада Үндістанның Орталық Азиядағы ең ірі және инвестициялық әріптесі болып отыр. Екі ел арасында сауда-саттық жақсы дамып, тауар айналымы жыл сайын артып келеді. Өткен жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 1,56 млрд долларды құрады. 

Қазақстан Үндістанның Орталық Азиядағы ең ірі және инвестициялық әріптесі болып қала береді. 2019 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 1,56 млрд АҚШ долларын құрады. Соның ішінде Қазақстан эскпорты 1299,1 млн АҚШ доллар, ал Үндістан экспорты 267,9 млн АҚШ доллар болды. Үндістан өнімдерінің экспорттық үлесін ұлғайтуды жетілдіру аясында Үндістанның жоғары технологиялық өнімдерін экспорттауды дамытуды жетілдіру бойынща кеңесі (ЕЕРС) 30 үнді компаниясынан құралған делегациялармен бірге 2019 жылдың 4-6 қыркүйегінде Алматы қаласында өткен Kazbuild және Aquatherm 2019 EXPO көрмелеріне қатысты. 18 үнді компаниясынан құралатын CAPEXIL делегациясы 2019 жылдың 18-20 қыркүйегінде Алматыда өткен Kazcomak Expo көрмесіне қатысты. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында 26-27 қарашада Нью-Дели қаласында Байланыс, көлік және логистика бойынша бірлескен Үндістан-Қазақстан жұмыс тобының 1-отырысы өтті.

Туризм саласы жағынан Үндістан әлемді мойындатқан елдердің қатарында тұр. Тәж Махалды көруге келетіндердің саны жыл сайын қарқынды түрде өсіп отыр. Қазақстан бұл салада бүгінде қарқынды жұмысын бастап кетті. Өткен жылы РАТА Travel Mart-2019 көрмесін ұйымдастырып еді, Үндістаннан бірнеше делегация келді. Туристік жетістіктерін қазақстандықтарға таныстырды. 

Раджастанның Керала штатындағы Туризм министрлігі және Үндістан үкіметінің Туризм министрлігінің делегациясы, сондай-ақ Үндістанның туризм саласындағы іскер топтардың өкілдері 18-20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткен РАТА Travel Mart-2019 көрмесіне қатысты. Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлері іскер топтардың өкілдері және әскери қызметкерлері арасында мамандардың білімдерін жетілдіруде маңызды орын алады. 

РАТА-дағы Раджастан көрмесі.jpg

Нұр-Сұлтанда өткен РАТА көрмесіндегі Раджастан павильоны 

Қазақстан жастары шетелде білім алуы үшін БҒМ үкіметаралық гранттар мүмкіндігін тәжірибеде қолданып келеді. Үндістан техникалық және экономикалық ынтымақтастығы ұсынатын түрлі бағытты білім гранттары мен оқу курстарын пайдаланатын қазақстандықтар қарасы көбейді. 

Үндістанның мәдени байланыстары бойынша кеңесі (ICCR) қазақстандық ғалымдарға Үндістанда жоғары білім алу үшін стипендия береді. Соңғы жылдары ІТЕС бағдарламасының мүмкіндіктерін 1000-нан астам адам пайдаланып, ICCR стипендиясын 200-ден астам ғалымға тағайындалғанын қуанышпен хабарлаймын. Қазақстанмен техникалық және экономикалық ынтымақтастық арнайы курстар арқасында жалғасып келеді. Атап айтқанда, мектеп мұғалімдеріне және киберқауіпсіздік саласындағы мамандарға арналған курстар тиісінше Хайдарабад қаласында ағылшын тілі және шет тілдері университетінде және Канпур қаласындағы Үндістан технологиялар институтында ұйымдастырылды. 2019 жылдың ақпан-сәуір айларында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында озық тәжірибелері Үндістан-Қазақстан орталығы Ченнаи қаласындағы Үндістан технологиялар институтымен бірлесе отырып, бейнеконференция арқылы Қазақстанның 35 қатысушысына арналған "Үлкен деректерді сараптау" курсын өткізді. 

ITEC бағдарламасымен білім алған қазақстандықтар.jpg

ІТЕС бағдарламасымен білім алған қазақстандықтар 

Үнді фильмдеріне қызығатын қазақстандықтардың көп екенін білеміз. Йога мен үнді биіне тамсанатын тұрғындардың көбейгенін атап өткен жөн. Бұл орайда Үндістан елшілігі жанындағы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мәдени орталықтар йога және би үйірмелері жұмыс істейді. Еліміздің бірнеше қаласында йога фестиваліне мыңдаған тұрғын қатысты. Сондай-ақ, шымкенттің өнерпаздар Үндістанда өткен VIII Халықаралық джаз фестиваліне қатысты. Бұл – мәдени байланыстың жолға қойылғанының дәлелі. 

Үндістан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстар өте тығыз қалыптасқан және бұл Қазақстанда йоганың, үнді фильмдері, биі, әні кеңінен таралуында жарқын көрініс тапқан. Нұр-Сұлтан қаласындағы Свами Вивекананда мәдени орталығы әртүрлі мәдени шараларды ұйымдастырады. Соның ішінде йога, би және соның ішінде йога, би және ән сабақтары, үнді фестивальдерін атап өту керек. ICCR шет мемлекеттерде өнер көрсететін мәдени топтардың қойылымдарын қаржыландырады. Қазақстанда 2019 жылдың 12-16 наурызы аралығында ICCR қаржыландыруымен Гоа қаласынан келген 12 адамнан құралған "Келема пионерлері" атты ән және би тобы Алматы, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында өз өнерлерін көрсетті. 

Үнді мәдениетіне қызығатын қазақстандықтар.jpg

Үнді мәдениетіне қызығатын қазақстандықтар 

Сонымен бірге, Шымкент қаласының Джах оркестрі 2019 жылдың 3 наурызында VIII Халықаралық джаз фестиваліне қатысты. 2019 жылы Махатма Гандидің 150 жылдық мерейтойына орай бірнеше шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, велосипед жарысы, ағаш отырғызу, ән арнау, суреттер және шығармалар жарысы, фотокөрмелері өтті. Елшілік 2019 жылдың 15-23 маусымы аралығында Алматы, Арқалық, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Теміртау, Зеренді және Нұр-Сұлтан қалаларында V Халықаралық йога күнін атап өтті. Ал, 15-20 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Үндістан күндері" мерекесін атап өту кезінде үнді фильмдері, фотокөрме, аспасдық фестиваль ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 17 қарашада Алматы қаласында Гуру Нанаканың 550 жылдық мерейтойы аталып өтті және арналып киртана, катхи, кодан кейін лангар оқылды. 2020 жыл Үндістан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың барлық саласында жемісті және маңызды жыл болады деп үміттенеміз.

Өзгелердің жаңалығы