Қазақтың "Қыз Жібегі" 69 жасқа толды

25 Ақпан 2020, 10:44
8013
Бөлісу:
Қазақтың "Қыз Жібегі" 69 жасқа толды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақтың Қыз Жібегі, танымал актриса Меруерт Өтекешованың туған күні.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Қайратқызы Өтекешова 1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген.

photo_273560.jpg

Марқұм актер Құман Тастанбековтің жары әрі Жібек, Томирис есімді қыздар мен Фараби есімді ұлдың анасы.

380013_600.jpg

2817958.jpg

Ол 1968 жылы Алматы қаласындағы №66 мектепті тәмамдағанында "Қыз Жібек" киносының бас кейіпкерінің рөлін сомдауға шақырту алған.

1969-1973 жылдары қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетін, КСРО халық әртісі Хадиша Бөкееваның класы бойынша бітірді.

780176.jpg

Бұдан кейін Мұхтар Әуезов театрының актерлік құрамында үзіліссіз еңбек етті. Театрдағы алғашқы рөлі Шыңғыс Айтматовтың "Құс жолы" повесі бойынша сахналанған "Ана-Жер-ана" спектакліндегі Әлиман рөлі болды. Аталған туындыны 1973 жылы Әзербайжан Мәмбетов сахналаған болатын.

Сондай-ақ, театр қабырғасында жүріп ұлттық классика мен заманауи драматургиядан Мұхтар Әуезовтің "Қарагөзінде" Қарагөздің, "Еңлік-Кебек" дастанында Еңліктің, Тахауи Ахтановтың "Жоғалған досында" Ғайнидің, Дулат Исабековтің "Әпкесінде" Гауһардың, Әлжаппар Әбішевтің "Кәусарында" Кәусардың, Асқар Сүлейменовтің "Жетінші палатасында" медбикенің, Сәбит Мұқановтың "Мөлдір махаббатында" Бәтестің анасының, Роза Мұқанованың "Мәңгілік бала бейнесінде" депутат Күләштің, Тынымбай Нұрмағамбетовтің "Ескі үймен қоштасуында" ананың рөлін сомдады.

Меруерт Өтекешева түскен кинотуындалар

Меруерт Өтекешова театр өнерінің жұлдызы болып қана қоймай, кино әлемінде де бірегей рөлдерімен халық көзайымына айналды.

fe7c22ffe07bed02c4d97e5acf81a133.jpg

"Қыз Жібек", "Ғани Мұратбаев", "Ұлдың оралуы", "Қосымша сұрақтар", "Тентек балалар", "Аждаһа жылы", "Өрнек", "Өтелмеген парыз", "Жауын", "Ақ бақсы", "Шоқан Уәлиханов", "Қазақфильм", "Қырғызфильм", "Махамбет", "Арман қала", "Секіріс" фильмдерінде әртүрлі рөлді сомдады. Мұнымен қатар, соңғы рет 2010-2012 жылдары аралығында "Хабар" агенттігінің "Жаным" телехикаясында ойнаған болатын.

2e8f69c9c71df6ca8f6957ba5e5cc579-1000x600.jpg

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісінің марапаттары қандай?
WhatsApp_Image_2020-01-29_at_12.49.58.jpeg

1982 жылы "Қарагөз" қойылымындағы Қарагөз рөлі үшін Мәскеудегі бүкіл одақтық жастар шығармашылығы байқауының лауреаты атанды. 1982 жылы Қазақстан еңбек сіңірген әртісі атағын иеленіп, республикалық "Жігер" фестивалінің лауреаты болды. 1991 жылы КСРО кинематографистер одағының мүшесі болып, 2008 жылы "Құрмет" орденінің иегері атанды. Бұдан өзге 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталды. 

2017-2018 жылдары Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясын иеленді.

Өзгелердің жаңалығы