QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады – Президент

23 Сәуір 2021, 11:16
961
Бөлісу:
QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастағанын Twitter-де жазды.

QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз, - деді Президент.

Тоқаев атап өткендей, Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. 

Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын! - деп жазды Мемлекет басшысы.
Өзгелердің жаңалығы